Гүлназ Әлімгерей

Aға редактор-жүргізуші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері


Көпшіліктің алдына шығып, еңселі еліміздің тыныс-тіршілігімен өздеріңізді таныстырып жүрген біздер үшін сіздердің көзқарастарыңыз, пікірлеріңіз өте маңызды. Сол себептен сіздермен әрдайым байланыста болып, ой бөлісуді жөн көрдім.

Барлық жазбалар

Барлық жазбалар

17.04.2013
15:59

Ақылшы, тілекші ДОСТЫҢ мың хатына бір жауап!!!

  
          Шын тілекші ағайын, ниетіңізге мың алғыс! Әйел болып жаратылған соң, өмірде мойынға артылар жүк көп. Жарыңның көңілін табу, бала-шағаңа қарайлау, туған-туыспен жақсы қарым-қатынас орнату, жұмыста үлгеру, қоғамдық істерге араласу т.т айта берсең кете береді....Осы шаруалардың қатарына бүгінде БЛОГ қосылды. Оқисың, ой қосасың! Өзімнің атыма жазылған сан пікір, мың алғыс, шынайы тілек, әрине күнделікті жасап жүрген жұмысыма берілген баға. Жігер ... Ары қарай →
3928 рет қаралды
104 пікір
30.12.2012
14:05

Жаңа жылға шашу шаштым жыр арнап

  
Ұлттық арна ұлағатын ұрандап, Жаңа жылға шашу шаштым жыр арнап. Мереке мен берекеміз таусылмай, Көгімізде көк туымыз мұнарлап.   Алла қолдап, әруағыңа тәу етсең, Қайғы азайып, қуаныштар молаймақ. Руһ пен тілді тажалдарға таптатпай, Текті болсақ, тас төбеңде тұрар бақ! ... Ары қарай →
2988 рет қаралды
52 пікір
20.10.2012
00:37

Енді мен айтайын, қызықтырса, оқыңыз!!!

  
          Неге екенін білмеймін, бала кезімнен «Жаңалықтар» көруге құштар болдым. Құрбыларымнан сұхбат алғанды ұнатушы ем. Олар маған: «осы сенің ойының қызық-ақ!» деп таңқалатын. Ең алғаш сұхбаттарымды ас үйде тамақ дайындап жүрген анамнан, сабақ оқып отырған әпкемнен алған едім. Қымбат Досжан, Ләззат Танысбай, Светлана Каковинец, Айгүл Мүкейлердің жаңалықтар жүргізу стилін ұнатататынмын. Нұртілеу Иманғалиұлын тыңдаудан әлі күнге  жалыққан емеспін. Қолыма түскен кез келген газет-журналды д ... Ары қарай →
3921 рет қаралған
80 пікір
17.09.2012
15:46

Айтыңызшы, Сізге не қызық???

  
Достар! Жақын күндері Ұлттық арнадағы "Жаңалықтардың" Сізге сыйы бар! Сондықтан үзбей көріп жүріңіз! Ал әзірге мынадай сауалыма жауап беріңізші: қандай тақырып қызықтырады немесе жалықтырады? Эфир тізгінін ұстаған тізгіншінің сөзіне ме, түріне ме, иә болмаса киіміне ме - қайсысына бірден көңіл бөлесіз? Ұсыныс-пікірлеріңіз болса, жазып жіберіңіз, күтемін!!! ... Ары қарай →
3037 рет қаралды
62 пікір
27.08.2012
16:29

УӘДЕ - УӘДЕ!!!

  
Құрметті достар!!! Мына Гүлназ "Жаңалық күттіріп" қойып, өзі "жоқ болды" деп отырған шығарсыз?!  Берген уәдемді орындап, өздеріңізбен қайта қауышқаныма қуаныштымын!  Жауап жазбасам да, тілектеріңіз, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды оқып, шынын айтқанда, бір марқайып қалам. Тіл қатпағанға, "оқымай жүр екен" деп ойламаңыз. Міндетті түрде көз жүгіртем! Мен үшін сіздің пікіріңіз - аса маңызды!!! Алдағы уақытта блог мәселесін қолға алып, өздеріңізбен хат алысып тұруға тырысамын. Желіде болайық!!! І ... Ары қарай →
3111 рет қаралды
18 пікір
24.05.2012
23:24

Әйтеуір, бір жаңалық болар...күтіңіздер!!!

  
Өздеріңізден кешірім сұраймын, патша көңілді көрермен!  Белгілі себептерге байланысты телеэкраннан қол үзуіме  тура келді. Алла сәтін салып жатса, алдағы уақытта жолығып жатармыз. Жауап жазбасам да, ұсыныстарыңыз бен жылы лебіздеріңізді міндетті түрде оқып, көңіліме тоқып жүрмін. Алдағы уақытта шамам келгенше барлық хаттарға жауап жазуға тырысамын.  ... Ары қарай →
3636 рет қаралды
43 пікір
03.04.2012
01:00

Ұлттық арна көрерменіне құлаққағыс!!!

  
Күнделікті біздің арна ақпараттарын жібермей көріп отырсаңыз,  көргеніңізді көңіліңізге тоқып отырсаңыз, бізге айтар сіздің де бір  жаңалығыңыз бар шығар?! Олай болса, ұлттық арна жаңалықтарын сіз болып, біз болып бірге жасайық! Білгеніңіз бар, көргеніңіз көп болса, жазып жіберіңіз немесе хабарласыңыз! Тыңдап көрейік, тың тақырып болса, талқылауға тастайық. Тереңіне үңіліп, жарап жатса, телекөрермен назарына ұсынайық. Айтар әңгімеңіз салмақты, ұрпағымыз сауатты болғай! Жаңалық күтеміз!!! ... Ары қарай →
3418 рет қаралды
42 пікір
17.03.2012
01:58

Бала кезімде: "Менің туған күнім осымен бітті ме?" деуші ем...

  
Жыл өткен сайын туған күнің жақындай қалса, бір түрлі болады екенсің? Мейлі, әйтеуір Алланың берген жасын сүйікті жарым, бала-шағаммен, ата-ана, дос-бауырмен бірге қызықтасам арман жоқ?! Шүкірміз ғой...Алла тек қайырымен берсін!   ... Ары қарай →
3926 рет қаралды
33 пікір
27.02.2012
10:20

Астанаға көктем биыл ерте келе ме, қалай өзі?!

  
Сырқаттанып қалған едім Блогыма жаңа ендім, Көрерменім іздеп жатыр, Мен жауапты жазам енді... ... Ары қарай →
3756 рет қаралды
42 пікір
27.02.2012
10:15

Сырқаттанып қалған едім

  
3146 рет қаралды
5 пікір
22.01.2012
23:45

Қымбатты менің көрерменім!

  
Сіздерге көп рахмет! Жан-жақтан келіп жатқан пікірлердің көптігі соншалық, жауап беріп үлгеру қиындау. Бірақ мен сіздердің әрқайсыңыздың пікіріңізге жауап қайтарамын, міндетті түрде! "Блогыңызды жаңартып тұрсаңызшы" деген ұсыныстарыңызға жазып қойып жатқаным ғой....Байланыста болайық!!!Алла разы болсын, ағайын! ... Ары қарай →
3879 рет қаралды
72 пікір
19.01.2012
18:45

Қымбатты менің көрерменім!

  
Менін атыма түсіп жатқан хаттарды көріп, алдымен "Аллаға шүкір!" дедім. Мені іздеп, тілек айтып, пікір жазып жүрген Сізге,  алғысым шексіз! Осы уақытқа дейін жауап бермесем, айыпқа бұйырмассыздар?! Өздеріңіз білетіндей, күнделікті жұмыс пен күйбең тірлік көп уақытыңды алады. Оның үстіне техникадан алшақтау қазақ едім, енді міне, сіздердің арқаларыңызда БЛОГ деген әлемнің тілін меңгере бастадым. Енді алдағы уақытта  блогымды тексеріп, хаттарыңызға жауап беруге уәде етемін! ... Ары қарай →
3444 рет қаралған
30 пікір
18.10.2011
17:53

Қымбатты Ұлттық арна көрермендері!

  
Жеке блогымда сіздердің түрлі ойларыңыз бен сауалдарыңызды күтемін. Амандықта жүздескенше! ... Ары қарай →
33752 рет қаралған
1122 пікір