Әйел бақыты

Әлемнің кілті әйелде!

Барлық жазбалар

Барлық жазбалар

23.06.2014
12:05

"Он үште отау иесі"

  
Ер бала неше жасында үйлену керек? Кейiнгi кезде тым кеш шаңырақ көтеретiн жастар жайында не ойлайсыз? Бүгiнгi эфирде: "Он үште отау иесi". ... Ары қарай →
417 рет қаралды
7 пікір
20.06.2014
18:49

Әр әйел бақытты болуға лайықты!

  
Білесіздер ме, «Әйел бақытының» студиясында ерекше жайттар жиі орын алып жатады. Бірі жұмысқа тұрады, бірі сүйіктісін табады. Бүгін Үміт пен анасы Ақерке су жаңа екі бірдей көйлекті киіп кетті. Алматыдан арнайы 120 мың теңге тұратын эксклюзивті көйлегін алып келген Сиви Махмуди мен дизайнер Фариза Сұлтанға алғыс айтамыз. Әр әйел бақытты болуға лайықты))) ... Ары қарай →
502 рет қаралған
3 пікір
19.06.2014
13:17

19.06.2014.

  
Бүгiнгi эфирден көретiндерiңiз: бiр отбасының бiрнеше келiнi ауызбiршiлiктiң сырын неге таба алмайды? Абысындардың араз болуына не себеп? @sultankyzy "Қазақстан" ҰТА, сағат: 15:05. ... Ары қарай →
348 рет қаралды
1 пікір
18.06.2014
11:06

"Тері күтімі"

  
Терi күтiмiне қаншалықты мән бересiз? Бетiңiздегi қара дақтар мен безеулер "комплекс" тудыра ма? Сепкілдер мен көз астындағы әжімдерден қалай құтылуға болады? Қандай маска түрін қолданған дұрыс? Осы сұрақтардың жауабын бүгінгі эфирден таба аласыз. Себебі, біз терi күтiмiн әңгiме етемiз. "Қазақстан" ҰТА, басталу уақыты: 15:05-те. ... Ары қарай →
467 рет қаралды
2 пікір
16.06.2014
10:19

"Бесіктен бас тарту керек пе?"

  
Қаланың тар пәтерінде ауа қысымына кері әсерін тигізеді деген сылтаумен жас отбасылар бесіктен бас тарта бастады. Дәрігерлер де екіге бөлінді. Электронды бесіктер жасалды. Сіз бұл жайында не айтасыз? Бүгінгі эфир тақырыбы: "Бесіктен бас тарту керек пе?". "Қазақстан" ҰТА, басталу уақыты сағат: 15:05-те. ... Ары қарай →
309 рет қаралды
3 пікір
12.06.2014
10:28

"Әлем чемпионаты әйелдер назарында"

  
Футбол жұлдызына тұрмысқа шығуды арман еткен ару мен қазақ футболының жас жұлдызының жары тікелей эфирде. Әлем чемпионатының қызықтары тақырып  барысында талқыланады. "Қазақстан" ҰТА, басталу уақыты: сағат 15:05 - те ... Ары қарай →
440 рет қаралды
2 пікір
09.06.2014
10:53

"Азаматтық неке абырой ма?"

  
Жыл сайын азаматтық некеде тұратын жастар саны артып келе жатқаны нақтыланды. Арулар үшін бұл үлкен абыройсыздық дейді үлкендер. Қазақ халқына жат бұл дүние жайлы не ойлайсыз? Неліктен азаматтық некеге жастар оң қарайды? Бүгінгі эфирге назар аударыңыз! "Қазақстан" ҰТА, басталу уақыты-15:05.  ... Ары қарай →
395 рет қаралды
3 пікір
06.06.2014
11:59

"Чемпионды тәрбиелеу оңай ма?"

  
Егер сіздің балаңыз тек қана спортпен шұғылданамын десе, қалай қарайсыз? Еліміздің Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Ардақ Назаров сынды чемпиондары қандай тәлім алды? Ата - аналары тәрбие беру барысында қандай қағиданы ұстанды? Бүгінгі эфирде "Чемпионды тәрбиелеу оңай ма?". "Қазақстан" ҰТА, басталу уақыты: 15:05 - те. ... Ары қарай →
268 рет қаралды
1 пікір
05.06.2014
12:31

"Бала сүю бақытынан айырылдым..."

  
Еліміздегі ажырасулардың басым бөлігі бедеулік диагнозынан кейін болады. Жатырын алдырып тастаған әйел күйеуімен қарым - қатынасы бұзылып, шаңырақ бұзыла ма - деп қорқады. Бүгін тікелей эфирде дәрігерлер бедеулік диагнозын қойған әйел жан сырымен тікелей эфирде бөліседі. ... Ары қарай →
571 рет қаралған
4 пікір
03.06.2014
11:30

"Бақ шаба ма, бап шаба ма?"

  
Ұлттық бірыңғай тестілеу мектеп бітіруші  түлектердің психологиясына қаншалықты әсер етеді? Сіз қалай ойлайсыз? Достарыңыздың бірі сондай күйге душар болды ма? Бүгінгі эфир тақырыбы: "Бақ шаба ма, бап шаба?". Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар! Елімізде мектеп бітірушілердің білімін анықтап, болашағын айқындайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу де басталып кетті. ҰБТ тапсырған оқушылардың біразы жоғары балға мектепте алған жүйелі білімнің арқасында қол жеткізгенін айтса, енді біреулерінің ... Ары қарай →
398 рет қаралды
5 пікір
30.05.2014
10:41

"Күйзеліспен бірге күресейік!"

  
Маржан Арапбаева күйзеліске түскенде мейрамханаға барады екен. Ал, сіз не істейсіз? Бүгінгі эфирден көретіндеріңіз: «Күйзеліспен бірге күресейік!». Ауыр жұмыстан кейінгі күйзеліс пен оның жеңу тәсілдері. Студия қонақтары ҚР танымал жұлдыздары Әнуар Нұрпейісов пен Ақбота Керімбекова. ... Ары қарай →
471 рет қаралған
4 пікір
28.05.2014
13:35

"Қыз кезінде бәрі жақсы..."

  
Отбасылық өмір басталған шақта жұбайлар қандай проблемаға кезігеді? Соңғы екі жылда ажырасу саны неліктен күрт көбейіп кетті? Ер азаматтар әйелдеріне қандай кінә артады? Бүгінгі эфир тақырыбы: "Қыз кезінде бәрі жақсы...." Назар аударыңыз, құрметті көрермен. ... Ары қарай →
387 рет қаралды
7 пікір
25.05.2014
18:38

"Тең - теңімен..."

  
Қазақтар, әдетте, «тең-теңімен, тезек қабымен» деген қағида бойынша ежелден сыйласатын, әлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған. Осынау жаһандануға бет бұрған бүгінгі қоғамда қазақтың бас қағидасы қаншалықты өзекті? Ал, сіз тұрмысқа шығарда/үйленерде жұбайыңыздың әке – шешесі қарсылық танытты ма? ... Ары қарай →
477 рет қаралды
3 пікір
23.05.2014
13:58

"Дәмді диета"

  
Артық салмақтан ыңғайсызданасыз, бiрақ қаржының тапшылығынан фитнес орталығына бара алмай жүрсiз бе? Ендеше, бүгiнгi эфирге зер салыңыз, аяулы жандар, тек сiздер үшiн қолжетiмдi "Дәмдi диета".  ... Ары қарай →
432 рет қаралған
1 пікір
22.05.2014
10:47

"Таяқпен тәртіп орнатуға бола ма?"

  
"Таяқпен тәртіп орнатуға бола ма?" Тәрбие барысындағы ең басты қағидаңыз қандай??? Бүгінгі эфирде: арнайы ата -аналар үшін бала тәрбиесіндегі замандық тәсілдер туралы танымды ақпарат. Баланы тәртіпке салу үшін, ұрып - соғатын ата - ана пікірі. Сарапшылар кеңесі. ... Ары қарай →
376 рет қаралды
4 пікір
22.05.2014
02:16

Алдыңғы апта тақырыптары:

  
26.05. «Тең теңімен...» Жар таңдауда ең бірінші тегіне қарап таны деген бар. Жаһандануға бет бұрған бүгінгі қоғамда қазақтың басты қағидасы қаншалықты өзекті? 27.05. «Әкесіз өстім...» Балаларын жалғыз тәрбиелеуге мәжбүр болған ананың сыры мен анасының «өр» мінезінің салдарынан әкесіз өскен қыздың мұңы. 28.05. «Қыз кезінде бәрі жақсы...» Отбасылық өмір басталған шақта жұбайлар қандай проблемаға кезігеді? Алғашқы екі жылда ажырасып кететін жұптар саны неге артып жатыр? 29.05. «Ар ... Ары қарай →
416 рет қаралды
1 пікір
21.05.2014
12:04

«Трансплантация. Екінші мүмкіндік...»

  
Трансплантация - бір адамның ағзасын (оның ішінде бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, т.б.) немесе денесінің бір бөлігінің тіндерін келесі бір адамға салу. Трансплантацияға кезекте тұрған қаншама науқастардың барын дүйім жұрт жақсы біледі. Бүгінгі эфирде дәл осы мәселе жайында әңгіме желісі өрбиді. Эфир тақырыбы: «Трансплантация. Екінші мүмкіндік...» ... Ары қарай →
336 рет қаралды
2 пікір
20.05.2014
19:36

Таңертең сергек жүру үшін не істеу керек?

  
Таңертең сергек жүру үшін не істеу керек? «Әйел бақытынан» кеңес: -         Дұрыс ұйқы – денсаулықтың басты кепілі. Әдетте, толыққанды ұйқыға 8 сағат қажет дейді. Алайда, барлығында бірдей ондай уақыт бола бермейді.  Сондықтан 4-5 сағатта ұйқыны қандыру үшін, жатар алдында барлық уайым-қайғыдан арылу керек; -         Ұйқыға бірнеше сағат қалғанға дейін тамақтанбау. Тамақ жесеңіз, ағзаңыз асты қорытуға кіріседі. Сол себептен, таңертең ағза қажып тұрады. -         Жылы көрпемен ... Ары қарай →
887 рет қаралды
0 пікір
20.05.2014
10:52

«Дана бала – дарынды бала»

  
«Вундеркинд» сөзін естідіңіз бе? Вундеркинд балалар туралы не білесіз? Олардың тәрбиесіне қалай көңіл бөлген дұрыс? Бүлдіршіннің кітаптан бас алмай оқып, күні бойы үйде отырғанның қандай зардабы бар? Өзге тілді кішкене кезінде меңгеруге қалай қарайсыз? Бала тәрбиесіне салқынқанды қарамайтын болсаңыз, бүгінгі эфирге назар салыңыз. Эфир тақырыбы: «Дана бала – дарынды бала». ... Ары қарай →
480 рет қаралды
1 пікір
19.05.2014
03:24

«Қызым, саған айтам...»

  
"Қыз бала неше жасында тұрмыс құрғаны дұрыс? Келін болуға қай кезеңнен бастап дайындалу керек? Болашақ  жарын таңдауда аналар араласқанына қалай қарайсыз? Ал, сіз қандай келінсіз?  Жоғарыдағы сұрақтарға жауапты бүгінгі тікелей эфирден таба аласыздар! Кезекті тақырып: «Қызым, саған айтам...» ... Ары қарай →
503 рет қаралған
5 пікір
18.05.2014
23:58

Алдағы аптаның тақырыптары:

  
19.05. "Қызым, саған айтам..." Қыз бала қанша жасында тұрмыс құрғаны дұрыс? Келін болуға қай кезеңнен дайындау керек? Болашақ жарын таңдауда аналары араласу керек пе? Тікелей эфирде жоғарыдағы сұрақтарға жауап табасыздар. 20.05. "Дана бала - дара бала". Вундеркинд балалар және олардың ата - аналары студияда. Ерекше қабілеті бар балалардың тәрбиесі туралы сарапшылардың пікірі.  21.05. "Трансплантация. Екінші мүмкіндік..." Трансплантация жасатып, өмірін құтқарған кейіпкердің сыры. Ал, сіз тр ... Ары қарай →
361 рет қаралған
1 пікір
16.05.2014
10:57

"Аяқ киiмiң тар болса..."

  
Кезектi эфирде: "Аяқ киiмiң тар болса..." Жиырма бірінші ғасырда қыздың сыртқы сұлулығына мән беріліп, жан-дүние сұлулығы екінші орынға ысырылып қалды. Сондықтан қыздар сұлу болып көріну үшін денедегі кем-кетіктерін жасырам деп түрлі құрбандықтарға барады. Сондай құрбандықтың бiрi - бойының қысқалығынан қымсынып, қыздардың серейiп жүргенi. Оның тиер зиянын кейiн ойлап, өкiнiп жатады. Ендi назар салыңыз, сол ыңғайсыз аяқ киiмнiң кесiрiнен туындап жатқан дертпен қалай күресуге болады? Нелiктен 3 ... Ары қарай →
518 рет қаралды
0 пікір
15.05.2014
10:49

"Кәсібің - нәсібің"

  
Бүгінгі эфирде «Кәсібің - нәсібің» тақырыбында әнгіме өрбітеміз. Жастар қандай кәсіпке көп таңдау жасайды? Сіз мамандығыңызды өзіңіз таңдадыңыз ба? Құжаты болып, қызметте орын таба алмаған жамағат не дейді? ... Ары қарай →
398 рет қаралды
1 пікір
14.05.2014
09:54

"Тойдан кейiн..."

  
Бүгiнгi эфир тақырыбы: "Тойдан кейiн..." Дәстүрдiң озығы мен тозығы туралы кейiпкерлердiң пiкiрталасы. Той шығыны, ысырап пен ұлттық құндылықтар нәсихаты.  Ал, сiздер тойдың әуресiмен қанша қаржы жұмсадыңыздар? Бекболат Тiлеухан ағамыз осы жайында не айтады екен? Тiкелей эфир кезiнде арнамызға қосылып, құлақ түрiңiздер.  ... Ары қарай →
334 рет қаралған
3 пікір
13.05.2014
17:53

Тағатсыздана күтудемiз!

  
Ертеңгі эфирге әнші, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының әрі «Дарын» сыйлығының лауреаты Бекболат Қанайұлы Тілеухан келмекші. Ағамыздың айтар тұшымды ойларына куә болыңыздар. ... Ары қарай →
274 рет қаралған
0 пікір
13.05.2014
17:33

"Аллергия әуресi"

  
 Ең бастысы жақсы маман болса, дертiңiздiң себебi мен емi табылады дегiмiз келедi. Өзiңiздi күтiнiп, дер кезiнде дәрiгер көмегiне жүгiнiңiз. Бүгiнгi эфирдi көрген, хабарласқан, жазған көрермендерiмiз көкейiнде жүрген сұрақтарына жауабын тапты деген сенiмдемiз. Ал, сiз сұрағыңызға жауап ала алдыңыз ба?  ... Ары қарай →
319 рет қаралды
0 пікір
13.05.2014
10:58

"Аллергиядан амансыз ба?"

  
Көк шығып, айнала гүлдей бастаған сәтте, иммунитетi әлсiз адамдардың бойында аллергия пайда болады. Осы дертпен күресудiң амалы қандай? Балаңыз аллергияға шалдықпау үшiн қандай алдын алу шараларын iстеу қажет? Бүгiнгi эфирден көретiндерiңiз "Аллергиядан амансыз ба?". ... Ары қарай →
315 рет қаралды
0 пікір
12.05.2014
12:25

"Баланың демалысын жоспарлау"

  
Балаңыз қайда, қалай демалады? Жазғы демалыста қай жерге тынығуға жібергенді жөн көресіз? Қаншалықты қадағалап, уайым етесіз? Перзентіңіздің бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізгіңіз келсе, бүгін "Әйел бақытының" кеңесіне құлақ түріңіз. ... Ары қарай →
321 рет қаралған
2 пікір
09.05.2014
18:50

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

  
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендер ... Ары қарай →
267 рет қаралды
0 пікір
08.05.2014
12:34

"Жылуы бар жүректен..."

  
Бүгiнгi эфирде "Жылуы бар жүректен..." деген тақырыпта әңгiме желiсi өрбiмек. "Жылуы бар жүректен ізгілік нұры шашылар" деген. Өскелең ұрпақтың бойындағы үлкенге құрмет, ізгілік көрсете білуі, мейірімділік қасиетін бойға дарыту туралы ана пiкiрi.Қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүрген жастардың әңгiмесi. Ал, сiз өзiңiзден мейiрiмдiлiктi белгiсiн таба аласыз ба? Қаншалықты өркениеттiмiн деп санай аласыз? Болашақ жастардың қолында дейдi емес пе?! Ендеше пiкiрлерiңiздi қоса отырыңыздар! ... Ары қарай →
232 рет қаралған
0 пікір
07.05.2014
11:14

"Нәзік қорғаныш".

  
Бүгiнгi эфир тақырыбы: "Нәзік қорғаныш". Әскердегі әйелдер, пагондағы арулар тікелей эфирде қонақта. Жалпы әйел затына әскерге бару керек пе? Әскери қызметте жүрген қыз балалар қандай сынақтан өтедi? Ал, сiз милиция қызметкерi болғыңыз келедi ма? Сұрақтарыңыздың жауабын бүгiнгi түсiрiлiмнен табады деп сенемiз!  ... Ары қарай →
300 рет қаралды
1 пікір
06.05.2014
12:06

"Қорғансыздың күні..."

  
Осы күні неге «көкек әкелер» көбейіп кетті? Неліктен ер адамдар әкелік міндетінен қашып, алимент төлемейді? Не үшін жауапсыздықтың кесірінен әйел адам жесір, сәби қорғанышсыз қалуы керек? Бүгінгі эфир кейіпкері Гүлшат Досаева 4 баламен тентіреп қалған. Қайындары күйеуімен ажырастырып тыныпты. Қалай болса да, алимент алуды көздеп отыр. ... Ары қарай →
305 рет қаралды
2 пікір
06.05.2014
10:14

«Қорғансыздың күні...»

  
Кезекті эфир тақырыбы «Қорғансыздың күні...» «Алимент» сөзі нені білдіреді? Алимент төлеушіге қойылатын талаптар жайлы хабарыңыз бар ма? Пiкiрлерiңiзбен бөлiсе отырыңыздар, достар! Әкелік міндетін дұрыс атқармай жүрген азамат жұбайының әңгімесі. Сарапшылар кеңесі.   ... Ары қарай →
400 рет қаралды
0 пікір
05.05.2014
19:46

"Үйде отырғым келмейді..."

  
Бүгін де өзекті мәселелердің бірін талқыға салдық. Және нәтижелі болды! Бірі - көптен күткен жұмыс тапса, енді бірі білгенімен барынша бөлісті. Кеңес тыңдап, ой түйгендері де баршылық. Ал, сіздер бүгінгі бағдарламадан қандай әсер алдыңыздар, достар?  ... Ары қарай →
284 рет қаралған
0 пікір
05.05.2014
01:09

Алдағы аптаның тақырыптары: 05.05 - 08.05

  
1. "Үйде отырғым келмейді..." Үй шаруасында отырған әйелдердің өзін - өзі дамыту, білімін тереңдету мәселелері туралы кеңестер. 2. "Анамды сен көрдің бе?". Жетімдер үйінде өскен бойжеткеннің жан айқайы. Анасымен қайта қауышып, қалыпты өмірге қосылуды қалайтын қыздың сыры. Тілшілер зерттеуі.  3. "Нәзік қорғаныш". Әскердегі әйелдер, пагондағы арулар тікелей эфирде қонақта.  4. "Жылуы бар жүректен..." "Жылуы бар жүректен ізгілік нұры шашылар" деген. Өскелең ұрпақтың бойындағы үлкенге құрмет ... Ары қарай →
298 рет қаралды
1 пікір
02.05.2014
19:06

Қорытынды

  
Бүгінгі кейіпкеріміз Роза Матаеваның оқиғасы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе сияқты. Оған студиямызға үзіліссіз түскен қоңыраулар айғақ. Бағдарлама аяқталысымен, Ләйлә Сұлтанқызы Роза ханымға косметика ұсынып, бір жадыратты. Болашақта Роза бүгінгі айтылған кеңестерді жадында ұстап, жақсы жаққа өзгереді деген сенімдеміз. Ой түю өзіңізден, құрметті көрермен! Әрқашан бізбен болып, қолдағандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз. ... Ары қарай →
289 рет қаралды
1 пікір
02.05.2014
11:09

"Келбетіме көңілім толмайды..."

  
Дәл осындай тақырыпта бүгінгі эфирде әңгіме өрбітпекпіз. Келбетіне көңілі толмай, пластикалық оты жасатамын деп  туыстарымен қарым - қатынасы бұзылған кейіпкердің әңгімесі. Комплекске "көмілген" жанға сарапшылардың кеңесі. Ал, сіз пластикалық отаға қалай қарайсыз?Өзіңіздің келбетіңізге көңіліңіз тола ма? Толмаса, нендей әрекет жасайсыз? ... Ары қарай →
309 рет қаралды
7 пікір
01.05.2014
22:28

01.05.2014.

  
Бүгiнгi эфирдегi өзiндiк тарихы бар жанұя көпшiлiктiң көңiлiнен шыққандай. Жылы лебiздерiңiздi естiп қуанып жатырмыз. Әрқашан қолдағандарыңыз үшiн алғысымызды айтамыз! Бiзбен бiрге болыңыздар! ... Ары қарай →
213 рет қаралды
0 пікір
01.05.2014
10:25

Мереке құтты болсын!

  
Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!     ... Ары қарай →
264 рет қаралған
0 пікір
30.04.2014
10:03

"Сәби сүйгім келеді..."

  
Бүгінгі эфирде «Сәби сүйгім келеді...» деген жан тебірентер тақырыпта әңгіме өрбітеміз. Бала сүйе алмағандықтан күйеуімен қарым қатынасы бұзылып, қайын жұрты күн бермей жүрген Ақмарал ханымның сыры. Сіздердің пікірлеріңізді оқып, ой түйіп жатамыз. Бүгін де назардан тыс қалдырмаңыз. Ойыңызбен бөлісіп, сәби сүюді армандап жүрген жандарға қолдау беріңіздер. ... Ары қарай →
431 рет қаралған
3 пікір
29.04.2014
10:30

29 - cәуiр, "Қиын бала".

  
Қиын бала атанудың себептері неде? Неліктен баланың іс - әрекетін бақылау қиынға соғып жатады? Пiкiрлерiңiзбен бөлiсе отырыңыздар, достар! Бүгiнгi эфирде мектепте сотқарлығымен көзге көп түскен балалардың анасы. ... Ары қарай →
331 рет қаралған
4 пікір
26.04.2014
23:25

Келесi аптада:

  
28 – сәуір, «Жеңілдіктер науқаны». Сіз жеңілдіктер кезінде сауда жасайсыз ба? Аталмыш науқанда біз шынымен де ұтамыз ба? Ұтымды болса, қай жағынан тиімді? Эфирде экономист маман мен маркетологтар танымдық ақпараттарымен бөліседі.  29 – сәуір, «Қиын балалар». Қиын бала атанудың себептері неде? Неліктен баланың іс - әрекетін бақылау қиынға соғып жатады? Эфирде мектепте сотқарлығымен көзге көп түскен балалардың анасы. Сарапшылар кеңесі.  30 - сәуір, «Сәби сүйгім келеді...». Бала сүйе а ... Ары қарай →
265 рет қаралды
12 пікір
25.04.2014
10:24

"Жұлдыздың жұбайы болу оңай ма?"

  
"Жұлдыздың жұбайы болу оңай ма?" Ал, сіз кімнің жұбайы болғыңыз келеді? Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді деген.  Белгілі тұлғалардың серіктері қалай қолдау көрсетеді? Олардың нендей сырлары бар?  Кімді өзіңізге пір тұтасыз?  Осы сұрақтарға жауапты бүгінгі эфирден таба аласыз! Белсенді ат салыңыздар, достар! ... Ары қарай →
308 рет қаралды
5 пікір
24.04.2014
20:03

"Қолымнан келеді..."

  
«Қолымнан келеді...» бүгінгі эфирде дәл осындай тақырыпта біраз талқылау болды. Әлемге іскерлігімен танылған әйелдер тәжірибесі де шетте қалмады. Экономика саласында істейтін маман, бизнес әлеміне қадам басуға жүрексініп жүрген жастарға кеңес беріп, үміттерін оятты дегенге шын жүректен сенеміз. Онымен қоса, ҚР мәжілісінің депутаты Өмірзақов Тұрсынбек өз ісіне құштарлығы мол, табанды қазақ қызы Ақмарал ханымға кішкене кәсібін  ілгері жылжытудың әдістерін айтып, қолдау көрсетемін деп уәде бер ... Ары қарай →
272 рет қаралған
0 пікір
23.04.2014
12:30

23.04.2014 «Қайын жұрт па? Қиын жұрт па?»

  
Бүгінгі эфирде «Қайын жұрт па? Қиын жұрт па?» тақырыбында әңгіме өрбітеміз. Екі жұрт неге мәмлеге келе алмайды? Түсініспеушілік неден туындайды? Ал, сіз қайын жұрттан қиындық көрдіңіз бе? Пікірлеріңізді білгіміз келеді, құрметті көрермен! Тұщымды ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар! ... Ары қарай →
429 рет қаралды
5 пікір
21.04.2014
18:34

Алдағы аптаның тақырыптары: 23.04 – 25.04.

  
1.«Қайын жұрт па? Қиын жұрт па?». Қайын жұрттың кесірінен отбасылық қарым-қатынасы бүлінген келін, екі жастың татулығына қам жейтін қайын жұрт өкілі пікірін ортаға  салады. Екі жұрт неге мәмлеге келе алмайды? Түсініспеушілік неден туындайды? 2. «Қолымнан келеді...». Бизнес әлемін бағындыра білген әйелдердің тәжірибесі. Жаңа кәсіпті меңгеруге тырысқан жастарға кеңес. Ал, сіздің қолыңыздан не келеді? Елімізде қай салада бизнес ашқан тиімді? 3. «Жұлдыздың жұбайы болу оңай ма?». Жақсы әйел ... Ары қарай →
491 рет қаралған
1 пікір
21.04.2014
12:33

Құрметті көрермен!

  
18.04.2014 күні эфирге шыққан "Әйелдер арасында достық бар ма?" тақырыбы баршамыздың көкейімізде жүрген сынды. Қызу талқылау болды! Өзара пікір білдіріп, ойларыңызды ашық жеткізіп жатқандарыңыз бізді қуантып отыр. Алдағы уақытта да біздің жанашырларымыз дәл осы қалыптан тайынбайды деген сенімдеміз. Сіздерге шын жүректен алғыс білдіруші - "ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ" ток-шоуының ұжымы!   ... Ары қарай →
307 рет қаралды
0 пікір
18.04.2014
11:55

18.04.14 "Әйелдер арасында достық бар ма?"

  
Әйел достығы: аңыз ба? Ақиқат па? Бүгінгі эфирде дәл осы сұрақтарға жауап табамыз. 50 жыл құрбысымен бірге суды да кешіп, отқа да күйген Таханова Күләш мен Амирова Гүлсім атты студиямыздың қонақтары Жаныбекова Айгүл ханымға әйел достығының барына көзін жеткізбекші.  Қыздар өз пайдасы үшін ғана құрбы болып жүреді деп жатады...Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті оқырман? Пікірлеріңізді қосыңыздар. Назардан тыс қалдырмаймыз! ... Ары қарай →
404 рет қаралған
4 пікір
16.04.2014
12:27

16.04.14

  
Қиын жағдайларда отбасын  қалай сақтап қалуға болады?Әйел бақытының бүгінгі тақырыбы "Ажырасқым келмейді..." Сіздер қалай ойлайсыздар? ... Ары қарай →
264 рет қаралған
5 пікір
11.04.2014
18:02

Құрметті көрермендер!

  
Әрдайым жас көріну үшін не істеу керек? Хирургиялық тәсіл, екпе арқылы немесе салауатты өмір салты. Қайсысын қолдайсыз? Әйел бақытының дүйсенбі күнгі тақырыбы «Менің жасым 18...»! ой қосыңыз. Үздік пікірлер эфирде. ... Ары қарай →
273 рет қаралған
4 пікір
08.04.2014
13:02

08,04,14-11,04,2014ж аралығында болатын тақырыптар.

  
1,Мінез мінберге жеткізер ме?Өзіңді қалай ұстау қажет?Мінезсіз адам бола ма? 2, Көрермендердің сұрауы бойынша өткен тақырыпты қайталау, Ер мен әйелдің арасында достық бола ма?Сырыңды ер азамтқа айтқан дұрыс па? 3, Көрермендердің сұрауы бойнша  өткен бағдарламадағы тақырыпты қайталау,  Қыз өссе,,,, 4,Баламның есебін шығара алмаймын?Баланың есебі не себепті қиын?Ойларыңызбен бөлісіңіздер хабарласыңыздар сіздердің  ойларыңыз біз үшін қымбат,, ... Ары қарай →
396 рет қаралды
0 пікір
06.03.2014
19:23

10.03-14.03.2014 жыл

  
1. Жан жылуы бағдарламасының кейіпкерлері 2. Қиын бала: ол кім? Тәртібі қиын балалар қайдан шығады? 3. Ауыр жұмыстағы нәзік жандыларға қалай қарайсыздар? 4. Көкек аналар. Тастанды балалар ... Ары қарай →
679 рет қаралды
16 пікір
15.01.2014
13:18

22-24 қаңтар аралығындағы тақырыптар

  
22.01. Кім болам?! ҰБТ-ға  дайындық. Балалардың мамандық таңдау кезеңінде оларға ата-анасының ықпалы жайлы болады. 23.01 Серіктестік босану. Серіктестік босануға күйеуінің  қатысуы дұрыс па, бұрыс па?  24. Қолкүрестен қазақтан шыққан тұңғыш әйел, Азия чемпионы Қарлығаш Баянбайқызы отбасымен  ... Ары қарай →
840 рет қаралды
73 пікір
15.01.2014
13:16

13-17 қаңтар аралығындағы тақырыптар

  
13.01. Қысқы сән: сұлулық пен жылулық. Қыста сән қуамын деп жұқа киінетін кейіпкерге жылы  киініп, сәнді көрінудің жолдары жайлы кеңестер беріледі. 14.01. Өтпелі кезеңдегі өзгерістер. Жасөспірімдік кезең мен олардың психологиясы туралы бағдарлама. Аналарға кеңес.  15.01. Араққа арбалған ана. Маскүнемдікке салынған әйелдің сыры. Әйелдер арасындағы маскүнемдіктің себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.  16.01. Обыр: белгілері мен сақтық шаралары. Соңғы кездері көбейіп кеткен обыр (ра ... Ары қарай →
405 рет қаралды
3 пікір
21.12.2013
15:59

23-27 желтоқсан аралығындағы тақырыптар

  
1. 23.12. Тәбетіңіз қалай? Күн суыта бастағанда адамның тәбеті де ашыла түседі. осы орайда, әйелдер қауымы отбасын қалай тамақтандыруы керек, тәжірибелі отаналар мен мамандар кеңес береді. Ет жемейтін қазақ бар ма? яғни, вегетариандық жолды ұстану қаншалықты пайдалы? 2. 24.12. Бала немен ойнайды? Бүлдіршіндер ойнайтын ойыншықтардың сапасы туралы болады. Тұтынушылар құқығын қорғау орталығының мамандары студияда тәжірибе жасап, ойыншықтың сапасын анықтаудың тәсілдерімен бөліседі. 3. 25.12. ... Ары қарай →
494 рет қаралған
71 пікір
17.12.2013
16:14

ТЫҢДАҢЫЗДАР! ТЫҢДАҢЫЗДАР! ТЫҢДАҢЫЗДАР!

  
Бүгін сағат 14.00-де Д.Қонаев көшесі 4-үй, "Қазмедиа орталығында 35-тен асқан ер азаматтарға кастинг жариялаймыз. Жаңа жылдан бастап "Әйел бақыты" жаңа форматпен шығатын болғандықтан, жүргізушілік қабілетін сынап көрмекші болған ерлеріміз болса, хабарласыңыздар. Редакциямыздың телефондары 553386, 553824, 553286, Астана қаласының коды 7172. Келіңіздер, күтеміз.  ... Ары қарай →
577 рет қаралды
25 пікір
17.12.2013
11:13

17-20 желтоқсан аралығындағы тақырыптар

  
1. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе". Балаға патриоттық тәрбиені қалай беру керек? Республикалық "Жас ұлан" мектебіндегі үздік оқушы пен халықаралық спорттық жарыстарда жүлде алып жүрген жас спортшының анасы тәжірибелерімен бөліседі.  2. "Қызым саған айтам". Соңғы кездері жиі көтеріліп жүрген "келіндікке үйрететін мектеп ашу керек" деген тақырыпқа байланысты аға буын мен жас буын өкілдерінің пікірталасы. Сіз қалай ойлайсыз, "Келіндер мектебі" керек пе? 3. "Жасанды сұлулық". Татуаж, ботекс ... Ары қарай →
406 рет қаралды
111 пікір
07.12.2013
17:44

09-13 желтоқсан аралығындағы тақырыптар!!!

  
1. "Тақиялы періште" "Айнаонлайн" бағдарламасының жүргізушісі жасынның анасы оған қыз іздеп жүр екен... Бағдарламамызға келіп өзінің сырымен бөлдісетін болды. Дегенмен, сіз қалай ойлайсыз? Жігіт үйленуге асығыстық танытпаса, анасы оған жар таңдауға кірісіп кеткені дұрыс па? 2. "Бейнет түбі - зейнет" Базарда сауда жасап қиналып жүрген әйел мен сол жолды артқа тастап, қазір кәсіпкерлікпен айналысып отырған әйел келіп оқиғаларымен бөліседі. 3. "Балалы әйелдің бабы қандай?" шетелдерде бала кү ... Ары қарай →
518 рет қаралды
17 пікір
04.12.2013
10:38

КЕЙІПКЕР ІЗДЕЙМІЗ...

  
"Әйел бақыты" бағдарламасында осы күнге дейін талай тағдыр талқыға салынған еді. Өздері де келгендер болды, өзіміз де іздедік. Алайда біз білмейтін әлі сан тағдыр бар, көптеген оқиға бар... Сондай оқиға иелері болса, кейіпкер ретінде қатысуға шақырамыз. Көбесі сөгілмеген мәселелер мен наздарыңыз болса, тікелей эфир есігі сіздер үшін ашық. Ал жұма күндері отбасы күні, яғни қарапайым үлгілі отбасылар болса, "Әйел бақытына" шығып, басқаларға өнеге көрсете аласыздар. РЕДАКЦИЯМЫЗ: Д:ҚОНАЕВ көшесі, ... Ары қарай →
476 рет қаралды
49 пікір
04.12.2013
10:32

ҚҰРБЫҢЫЗБЕН ҚАЛАЙСЫЗ?!

  
Бүгін, 4- желтоқсан "Әйел бақытында" әйел достығы ұғымы аңыз ба, ақиқат па деген сұраққа жауап іздейміз! Құрбысынан жапа шеккен Әсем Қонысбектегі мен әйел достығына сенетін Әсем Құралбекқызы келеді. Әйелдер достығы көп жағдайда бақталастықпен қатар жүреді және сатқындыққа ұласады деген пікіңр қалыптасып, ел аузында тараған әңгіме мен аңыздар да жетерлік. ал ақиқаты қандай? Әйелдер арасында шынайы достық болады ма? Пікір қосыңыздар.  ... Ары қарай →
396 рет қаралды
73 пікір
28.11.2013
17:24

Алдағы аптаның тақырыптары: 02.12-06.12

  
1. "Тақиялы періште". Біраз жасқа барса да, үйленуге құлқы жоқ ұлы үшін АНАСЫның алаңдайтыны анық. Үйленуге не кедергі? Ананың келінін өзі іздегені дұрыс па? 2. "Қарттарым аман-саумысың?". Қарттар үйіне кімдер барады? Баланың ата-анасын қарттар үйіне табыстауына кім (не) кінәлі? 3. "Баламды қайтарғым келеді..."  Ажырасу ардың ісі ме? Екі ортада қалған баланың тағдырына кім жауапты? 4. "Анамнан алыстағым келмейді..."  Енесімен тұрған күйеубалалардың барлығы "күйшік күйеу" ме? 5. Қазақст ... Ары қарай →
684 рет қаралған
167 пікір
28.11.2013
12:34

Сіздерге...

  
    Шыны керек, бізді көрермендеріміздің белсенділігі тәнті етіп келеді. Алдағы уақытта да біздің жанашырларымыз дәл осы қалыбын жоғалтпайды деген сенімдеміз. Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсынған тақырыптарыңыз біз үшін маңызды екенін ұмытпаңыздар! Достар, сіздерге шын жүректен алғыс білдіруші - "Әйел бақыты" ток-шоуының ұжымы! Ааа, Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз! :))) Елімізде бейбітшілік туы желбіреп, Елбасы аман, жұрт тыныш боп, іргеміз сөгілмей, Тәуелсіздіктің тұғырында өмір сүрейік! ... Ары қарай →
353 рет қаралған
41 пікір
27.11.2013
12:04

ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ

  
28-қараша күні тікелей эфирде "Әйел бақыты" бағдарламасында жекеменшік бала бақшалардағы тәртіп пен тәрбие терең талқыға салынады. Сіз балаңызды жекеменшік мекемеге сеніп тапсыра алар ма едіңіз? Жалпы, ол жердегі тәрбиешілердің тәртібі қалай екен? Сіз қалай ойлайсыз?! Міндетті түрде тікелей эфирге хабарласып, пікір қосыңыздар! 553180, 553181. Астана қаласының коды 7172. Сіздің ойыңыз біз үшін маңызды! Ғаламтор қоржынына ой тастаңыздар!  ... Ары қарай →
618 рет қаралды
43 пікір
20.11.2013
20:17

Өгей шеше...

  
Өгей шешелерге байланысты пікірлеріңізді күтеміз! Өгей шешелердің барлығы бірдей ел айтқандай жаман ба, әлде олардың арасында баланы тумаса да, туғанындай етіп өсіріп, мейірімін аямайтындары бар ма, сіздіңше? Қалай ойлайсыз? ... Ары қарай →
610 рет қаралды
16 пікір
17.11.2013
01:24

Күтеміз!

  
Пікір білдіріңіз! Шопоголизмнің шипасы бар ма? Немесе, дүкен аралау - дем алу ма, ем алу ма? ... Ары қарай →
661 рет қаралған
45 пікір
15.09.2013
17:08

Пікір білдіріңіз!

  
1. Сіз қалай ойлайсыз, қыз балаға сұлулық бақ па, әлде сор ма? 2. Біздің ауылда алыс ағайын ағамыз бар. Үш әйелді бір үйде ұстап отыр. Барлығы заңды. Бала күнімде "Бұл кісі неге үйлене береді?" деп сұрайтынмын үлкендерден. Сонда олар: "Жоғын іздеп жүр"  деуші еді. Сонда ұлды болуды армандаған ағамыз әр әйел алған сайын дүниеге атұстарым келетін шығар деп үміттенеді екен. Бірақ, өкінішке орай, әлі ұлды бола алмады деп естідім. Ұл таппадың деп әйелін кінәлайтын еркектер көп қазір. Расымен де, ... Ары қарай →
1472 рет қаралған
313 пікір
15.09.2013
16:46

Алғыс білдіреміз!

  
Ұлттық арнаға жаны ашитын, эфирден берілетін әрбір хабарға ой қосып, пікір білдіріп отыратын көрермендерге алғыс білдіреміз! Сіздердің ұсыныс-тілектеріңіз міндетті түрде қаралады. "Әйел бақыты" ток-шоуында алдағы уақытта көтерілсе дұрыс болар еді деген қызықты тақырыптар болса, қабылдауға дайынбыз! Және түрлі тағдырлардың иелері бағдарламамыздың кейіпкері бола алады, ұмытпаңыз! Сіздерден хат күтеміз! ... Ары қарай →
1487 рет қаралды
27 пікір
26.08.2013
17:35

Құрметті көрермен!

  
«Әйел бақыты» ток-шоуы - Ұлттық арнаның жаңа жобасы.  Мұнда біз көтеретін тақырыптарға сай ой-пікірлеріңізді білдіріп, студиямызға келетін кейіпкерлерге сауал жолдауға мүмкіндіктеріңіз бар. ... Ары қарай →
2048 рет қаралды
252 пікір