«Болашақ» степендианттары Наурыз тойын атап өтті

Наурыз тойын АҚШ-тың Сенфорд университетіндегі Мемлекеттік ұлттық саясат мектебінің тыңдаушылары мен «Болашақ» бағдарламасының степендианттары да атап өтті.
 
Олар шетелдік студенттермен бірге, қазақтың арқан тарту, қыз қуу, асық ату сияқты ұлттық ойындарын ойнап, еліміздің көне салт-дәстүрлерін жаңғыртты.
 
Сондай-ақ, шетелдік қонақтармен «Қара жорғаны» билеп, халық әндерін шырқады.