01 қаңтар
06:00

 
 

Электромобильмен әлемді 80 күн ішінде шарлап шығуды арман тұтқан испандық жиһангез Рафаэль де Местре  Астана қаласына табан тіреді. Табиғи таза көліктерге адамзаттың көзқарасын өзгертпек болған саяхатшы Еуропа, Азия, Америка құрлықтарында орналасқан ең алып 7 мемлекетті аралап келді. Электромобильмен жүру үшін әр 400 шақырым жолдан соң, аялдап, көлікті қуаттандырып отыру керек. Бірақ, испандық әуесқой қиындықтарға мойымай, Қазақстаннан кейін Ресей, Румыния, Швейцария мемлекеттеріне соғып, шамамен бір айдан кейін туған Пирийней шығанағына оралуды жоспарлап қойған. Әзірге 70 күнге созылған сапар барысында ең қызық оқиға біздің елімізде орын алды, дейді Рафаель де Местре.
 
Рафаель Де Местре, жиһангез:
Мен үшін ең әсерлісі – Қазақстан полициясы мені жолда тоқтатқаны. Мен ыңылдап, қолыммен көрсетіп, ағылшын және қазақ тілін араластырып, өзімнің саяхатшы екенімді түсіндіргенімде, полиция офицері бірден құжаттарымды маған қайтарып, сәттілік тіледі.
 
Зарина АХМЕТЖАНОВА