01 қаңтар
06:00

 
Алматыда жастардың IX халықаралық мұнай-газ форумы басталды. Дәстүрлі фестиваль жыл сайын Қазақстан мен ТМД елдерінің студенттерін білім мен тәжірибе алмасу үшін жинайды. Биыл форумға 30-ға жуық елден жас ғалымдар мен студенттер қатысты. Шара барысында жиналғандар ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, арнайы техникалық семинар ұйымдастырды. Сонымен қатар, «Студенттер мен мұнай компанияларының ынтымақтастықта істер атқаруы арқылы білікті мамандарды даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ