01 қаңтар
06:00

 
Бүгін Алматыда «Мейірімділіктің көктемгі аптасы» басталды. Әлия мен Мәншүк ескерткішінің қасында өткен дәстүрлі шараға Ұлы Отан соғысының майдангерлері мен қоғам белсенділері қатысты. Апталық аясында жиналғандар қазақтың маңдайына біткен қос батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық акциясының шеңберінде ұйымдастырылған апталық биыл бесінші рет өтуде. Бүгіннен бастап жастар 1 ай ардагерлердің үйіне барып, қайырымдылық көрсетеді.

Төлеби Ахметбеков, соғыс ардагері:
Көңілімнен шығады, талай көмекті беріп жатыр. Тілегім, Құдай соғысты көрсетпесін! Керегі жоқ нәрсе. Қиыншылықты көріңдер, қиыншылықсыз өмір болмайды, көресіңдер! Ол қиыншылық соғыссыз болсын!
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ