01 қаңтар
06:00

 
Қорғанысы мықты  мемлекетті жау алмаған. Қазір елімізде Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары жұмыс істейді. 2003 жылы құрылған. Солардың бірі - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы.
 
Бұл бөлімдер Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Штабы Семейде. Қолбасшылық жиырма жылда осы армияның қаз тұруын ықпал етті. Бүгінде кәсіби қабілет-қарымы жоғары деңгейге жетті.
 
Дархан Жақашев қазақ армиясы құрылған жылдан бастап, әскери қызметте. Әу дегенде рота басшысы міндетін атқарған ол, бүгінде взвод командирі лауазымында. 20 жыл ішінде әскери өмірдің ыстық суығын көріп, қиындығына төзіп келеді. Талай сарбазды сақадай-сай етіп дайындап, буыны бос баланы, жігерлі жігіт етіп тәрбиелеген. Бүтіндей бір ел әскерінің 20 жылдық тарихы Дархан Жақашевтың көз алдында.
 
Дархан Жақашев, Взвод  командирі:
Қиыншылықтар қаншама басымыздан өтті. Әскери техникалар осалдау болды. ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына ең алғашқы жылдары тәй-тәй басқан бала сияқты көз алдымыздан өтті. Басты міндет - ҚР Қарулы Күштерін жоғары деңгейге жеткізу.
 
Қазақстан Қарулы Күштері бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері әскерлерінің жетекші үштігіне кіреді және Орталық Азия аймағында үздік болып табылады. «Сырт көз - сыншы». Қарулы Күштерге өзгенің осындай баға беруі біздің армияның қабілет-қарымын көрсетеді.
 
Дархан Жақашев, Взвод командирі:
Біздің әскери құрылым қазіргі таңда, кешегі Кеңес Одағында болған қаншама мемлекеттердің алдында көш ілгері тұрмыз. Бейбіт өмірде сол ата-бабаларымыздың аңсап кеткен дүниелерін берік те, мықты қолда ұстап, жетістіктерге үлкен жете беруге мен әрқашанда дайынмын.
 
Мырзахмет Жұмақұлов, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы 32 355 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
Көршілес мемлекеттермен көптеген оқу-жаттығулар өткізілді. Оның ішінде, үлкен мемлекеттер Қытай елімен, Ресей әскери күштерімен бір деңгейде, иық тіресіп жұмыс атқарудамыз.
 
Қазір қазақ армиясы 20 жылда жеткен жетістігін саралап, меретойын атап өтуге дайындалып жатыр. Бұл қазақ әскерінің абыройын одан әрі арттырып, өскелең ұрпақтың өз еліне деген отаншылдық сезімін жандандыра түспек.
 
Ержан ЖАҚЫП