01 қаңтар
06:00

 
Олимпиада ойындарының чемпионы, әйгілі норвегиялық жүзуші 26-жастағы Александр Дале Оен дүние салды.

 Спортшы АҚШ-тың Аризона штатында кезекті жарысқа дайындық жаттығулар барысында кенеттен өмірімен қош айтысқан. Әріптестері оны спортзалдың жуыну бөлмесінде ес-түссіз жатқан күйінде тауып алған. Дереу шақыртылған алғашқы жәрдем қызметінің әрекеттері сәтсіз болды. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, жас жігіт жүрек талмасына шалдыққан.  Айта кетейік, Александр Дале Оен 100 метр қашықтыққа жүзудің шебері болған. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада күміс, ал, былтыр Шанхайдағы әлем чемпионатында алтын медальдардың иегері атанған.
 
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ