01 қаңтар
06:00

 
АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Ресей және Германия өкілдері Иран делегациясымен ядролық бағдарлама туралы келіссөздер жүргізе бастады Ыстамбұлда. Ресми Тегеран өзінің атом технологиясының әлем үшін қауіпсіз екендігіне сендіргісі келеді. Алайда, Батыс пен Израильдің айтуынша, Ислам Республикасы бүгінде жаппай қырып-жоятын қару жасауды көздеп отыр. Бұл жолғы жеті жақты кездесуде «қандай да бір жоспар қабылдана қоймас» деген сыңарезу пікірде халықаралық сарапшылар. Бірақ, тараптар Иранның ядролық мәселе жөніндегі келіссөздерге қатысу ниетіне қарап, бірнеше аптадан кейін тағы да жүздесуден үмітті.
 
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ