01 қаңтар
06:00

 
Канаданың Торонто қаласындағы жергілікті әуежайда пилоттардың ереуілі салдарынан 70-тен астам рейс кейінге қалды. Көптеген ұшақтар уақытынан кешігіп сапарға аттанған. Мұнда авиация жұмысшылары шеру ұйымдастырмақ. Пилоттар диспетчерге хабарлап, түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалған. Негізінен дау-дамай «Эйр Канада» компаниясы мен кәсіподақтың арасында туындаған. Наразы ұшқыштардың пікірінше, компания әкімшілігі еңбек келісіміндегі бірқатар міндеттерді орындамай отыр. Қазір «Эйр Канада» әуе жолдары өз жолаушыларына ұшу кестесін алдын ала біліп, сақ болуды ескертеді.
 
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ