01 қаңтар
06:00

 
Жаңаөзен ісіне байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырысқа 9 жәбірленуші қатысып, істің мән-жайын ақтарып, түсініктеме берді. Олар ірі сауда орталықтарының иелері, кәсіпкерлер, 2-ші деңгейлі банк өкілдері. Бүгінгі сот процесінің бір ерекшелігі сол - барлық жәбірленуші сотталушыларға ешқандай кінә артпай, бірауыздан арыздарынан бас тартты. Істің жүру барысын бақылауға Парламент депутаттары да келді.
 
Гүлнәр Сейітмағанбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:
Менің бүгін байқағаным, сотқа жауап берген куәгерлерге ешқандай қысым болып жатқан жоқ. Өздерінің ойларын айтып жатыр. Сотқа айыпталушылар, айыпталушыларды қорғаушылар, мемлекеттік қорғаушылардың өз ойларын тіке, ешқандай қысымсыз, сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, сот процесінің әділ өтіп жатқанына көзім жетті.
 
Жазира ӘБІЛ